
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Жолдауына арналған семинар
Жолдауда жасанды интеллект саласын жедел дамыту және ЖИ пен цифрлық даму министрлігін құрудың маңыздылығы атап өтілді. Осыған орай біздің институт қабырғасында13 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Жолдауына арналған семинар өткізілді.
Іс-шара барысында БИС-11 тобының студенттері өзекті және қызықты баяндамалар жасады:
1) «ЖИ-ассистенттер мен автономды агенттер: жасанды интеллект өндірісте сізбен бірге қалай жұмыс істейді»;
2) «ЖИ тілі: бүгін ақылды машиналармен қалай тіл табысу керек, ертең сұранысқа ие маман болу үшін».
Мазмұнды және шабыттандыратын баяндамалары үшін БИС-11 тобының студенттеріне алғыс білдіреміз:
• Бекишев Арсен
• Мухамбетжанов Ермахан
• Козаренко Дмитрий
• Маслов Олег
Сонымен қатар, Мухамбетжанов Ермаханға семинар барысында ұйымдастырған тамаша музыкалық үзілісі үшін ерекше алғыс білдіреміз