Семинар-тренинг: «Лудомания – әлеуметтік қауіп» - Жаңалықтар


Семинар-тренинг: «Лудомания – әлеуметтік қауіп»
Екібастұз инженерлік-техникалық институтында «Лудомания – әлеуметтік қауіп» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Оған 1–2 курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында ойынға тәуелділіктің пайда болу себептері мен оның салдары түсіндірілді. Практикалық бөлімде өз-өзін бақылау және тәуелділіктің алдын алу дағдылары қарастырылды. Соңында «сұрақ-жауап» форматында ашық әңгіме өтті.
