ЕИТИ
Бізді табыңыз:
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды - Жаңалықтар

«Qazaqstan» телеарнасының «Ашық алаң» қоғамдық-саяси бағдарламасы базасында «Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды.

«Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуы «Qazaqstan» телеарнасынан 2019 жылдың қыркүйегінен бастап көрсетіліп келеді. Аптасына бес рет тікелей эфирде өтетін бағдарлама алты жыл ішінде 1220 рет эфирге шығып, студияда 5000-нан астам сарапшы қонақ болды.
Жобаның мақсаты – мемлекеттік сектор өкілдері арасынан медиаға ашық, кәсіби сарапшылар тобын қалыптастыру.
Сарапшылар клубының қатысушылары жарты жыл бойы ток-шоулар мен тікелей эфирлерде еркін сөйлеу, пікірталас мәдениеті мен
ақпаратты түсінікті жеткізу, сондай-ақ медиа сауаттылық дағдыларын дамыту бойынша тренингтерге қатысып, тәжірибе жинайды.

«Медиадиалог» сарапшылар клубына қатысқысы келетін мемлекеттік органдардың өкілдері өтінімдерін 2025 жылғы 6 қарашаға дейін mediadialog@rtrk.kz электронды поштасына жолдай алады.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: +7 776 072 64 20

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021