ЕИТИ
Қ.И. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтының студенттерімен ерекше кездесу өтті - Жаңалықтар

8 қазан күні Екібастұз қаласында Халық қаһармандары мен Қазақстанның Еңбек ерлерінің республикалық IV конференциясы аясында Қ.И. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтының студенттерімен ерекше кездесу өтті. Бұл басқосу жас буын мен елге еңбегі сіңген ардақты тұлғалардың рухани байланысын нығайтуға бағытталды.

Кездесу барысында қонақтар студенттермен өз өмір жолдарымен, еңбек және ерлік тәжірибелерімен бөлісіп, елжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызын атап өтті. Ал жас буын өкілдері ұлт қаһармандарының өнегелі әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, олардың табандылығы мен қайсарлығынан үлгі алды.

Осындай тағылымды шаралар жастардың бойында патриоттық рух пен еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің дамуына өз үлесін қосуға жігерлендіреді.

Прикрепленные файлы
Видео
Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021