
Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында 1-2 курс студенттері үшін «ЛУДОМАНИЯ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІП» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарды «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» КММ психологы Фофанова Әлия Төлеуқызы өткізді. Кездесу барысында қатысушылар лудоманияның пайда болу себептерін, оның психологиялық, әлеуметтік және қаржылық салдарын, сондай-ақ тәуелділік белгілері мен алдын алу әдістерін талқылады. Құмар ойындардың оқу іс-әрекетіне, тұлғааралық қатынастарға және студенттердің жеке жауапкершілігін қалыптастыруға әсеріне ерекше назар аударылды.
Фофанова Әлия Төлеуқызына @metafora.psy шын жүректен алғысымызды білдіреміз, өткізілген семинар және жастар арасындағы тәуелділіктің алдын алу үшін пайдалы құнды ақпарат үшін.
