
12 ақпан күні академик Қ. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтының спорт залында «Спорт — есірткіге қарсы!» ұранымен Екібастұз қаласының оқу орындарының қыздары арасында волейболдан қалалық турнир ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және спортпен тұрақты түрде айналысу мәдениетін қалыптастыру. Турнирге қатысушылар өзара бақ сынасып қана қоймай, командалық рухты, ұйымшылдық пен жауапкершілікті жоғары деңгейде көрсете білді.
Спорттық дода студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға, денсаулығын шыңдауға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталды. Сонымен қатар, мұндай шаралар жастарға зиянды әдеттердің қоғам мен жеке тұлға өміріне тигізер кері әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Осындай тәрбиелік мәні зор спорттық іс-шаралар жас ұрпақтың дені сау, жігерлі әрі мақсаткер тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етеді.
