"Отанға деген сүйіспеншілік – жүректен" республикалық жобасы басталды - Жаңалықтар





"Отанға деген сүйіспеншілік – жүректен" республикалық жобасы басталды!
Жобаның мақсаты-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді нығайту және жастар арасында патриоттық рухты дамыту.
Байқау үш негізгі бағыт бойынша өткізіледі:
- "Менің рәміздерім – менің мақтанышым" — мобилографтар байқауы (TikTok, Instagram Reels, YouTube Shorts).
- "Державаның ұлылығы" — шығармашылық байқау (эсселер, өлеңдер, әндер, аспаптық шығармалар).
- "Менің туған жерім – менің Қазақстаным" — аулалар мен үйлерді мемлекеттік рәміздер стилінде безендіру және тұрғындар арасында патриоттық бастамаларды іске асыру.
Жалпы жүлде қоры: 4 500 000 теңге!
- Өтінімдерді қабылдау: 2025 жылғы 6-22 қазан аралығында
- Қорытынды іс-шара: 25 қазан, Астана қаласы
- Өтінімдерді e-mail-ге жіберу: bolashakkazakhstan2025@mail.com
- Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74 05 51