Басты бетЖаңалықтарСТУДЕНТТЕРДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ДОКТОРАНТТЫҢ ТӘДЖІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ДОКТОРАНТТЫҢ ТӘДЖІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ - Жаңалықтар
Ақпарат көзі: Проф. З.А. Галимов атындағы «Экономика және менеджмент»кафедрасы
2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 5В050600 "Экономика" және 5В050700 "Менеджмент" мамандықтарында оқитын 3 және 4 курс студенттері Душанбе қаласындағы тәджік мемлекеттік қаржы-экономикалық университетінде (ТМҚЭУ) академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуды бастаған болатын. Оқытуды ТМҚЭУ жетекші мамандары жүргізген.
10 қыркүйектен бастап ак. Қ. Сәтпаев атындағы ЕИТИ-дағы "экономика және менеджмент" кафедрасының екі оқытушысы, олар: кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, PhD докторы - Амержанова Динара Амержановна және ЕИТИ-дағы "Экономика және менеджмент" кафедрасының аға оқытушысы - Абылкасова Жанар Буркитбаевна, сыртқы академиялық мобильділік бағдарламасы аясында Тәджікстан Республикасы, Душанбе қаласындағы тәджік қаржы-экономикалық университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасын өтті.
Тағылымдама аясында оқытушылар дәріс сабақтарын өткізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Абылкасова Ж.Б. 2018 жылдың 6 қазанында ТМҚЭУ -де өткізілген Гайдар оқулары аясындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, "адам капиталының даму деңгейін бағалаудың әдістемелік тәсілдері" тақырыбында мақала жариялады.
ТМҚЭУ ғылым жөніндегі проректоры э.ғ.к., доцент Сафаров Б.Г. тағылымдама соңында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өту туралы сертификаттарын табыс етті, сондай-ақ ЕИТИ ректоры, профессор, т.ғ.к. Унайбаев Болат Жарылғапұлына табыс еткен алғыс хатында профессорлық-оқыту құрамның жоғарғы дәрежедегі кәсіби дайындық сапасын атап өтті.
Оқу үрдісіне қосымша ретінде студенттер ТМҚЭУ өткізген ғылыми үйірмелерге, конференцияларға және іскерлік кездесулерге қатысты. ТМҚЭУ -дың қарсы алушы жағы ЕИТИ-дің студенттері мен профессорлық-оқыту құрамына, тарихи және мәдени ескерткіштерге, мұражайларға және театрларға бару сияқты кең ауқымды мәдени іс-шаралар бағдарламасын ұйымдастырған.