ЕИТИ
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалы - "Екібастұз пайдалану локомотив депосы" БП Павлодар бөлімшесі, бастығы Әмір Барамбайұлы Такишев бастаған қонақ дәрістер өткізді. - Жаңалықтар

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалы - "Екібастұз пайдалану локомотив депосы" БП Павлодар бөлімшесі, бастығы Такишев Әмір Барамбайұлы бастаған, 6в07152 "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" ББ және 6в11320 "теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру"ББ студенттеріне қонақ дәрістер өткізді.
Бастықтың өндіріс жөніндегі орынбасары Сарыбай Болат Шәкірұлы студенттердің алдына локомотив бригадаларының тәжірибелі машинистері нұсқаушыларын таныстырды. Бекенов Мұрат Куенбайұлы, Раскулов Қанат Амангелдіұлы, Фролов Олег Владимирович, Арғынов Айдар Мұхтарұлы депоның инвентарлық паркі қалай жетілдірілгені туралы айтып берді. Теміржол көлігінің дамуы локомотив бригадаларының жұмысын, Қызмет көрсетуші персоналды, тасымалдау процесінің технологиясын және ең бастысы қоршаған

ортаға әсерін азайтты.
Осындай іс-шараларды бірнеше рет өткізе отырып, Екібастұз ТЧЭ - 19 пайдалану локомотив депосы болашақ техника және технологиялар бакалаврларын одан әрі жұмысқа орналастыру үшін тартады, бұл Қазақстан темір жолы-Қазақстанның магистральдық теміржол желісінің ірі операторы екенін көрсетеді.

 

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021