
Біздің студенттер Павлодар қаласындағы Торайғыров Университетінің базасында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Осы іс — шара аясында «Суды үнемде — болашақты сақта» атты ЭКО-сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты қатысушыларда су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыру, экологиялық хабардарлықты арттыру және суды пайдаланудың тиімді әдістерін насихаттау болды. Аталмыш жиынға Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі аппаратының басшысы Дәурен Қазантаев, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Сайран Төлеутаев, облысымыздың төрт жоғары оқу орнының оқытушылары мен білім алушылары қатысуда, сондай-ақ колледж студенттері онлайн форматта қосылды.
Аталған эко-сағат ғылыми және қоғамдық пікір алмасудың, сондай-ақ су ресурстары саласындағы маңызды мәселелерді талқылаудың маңызды платформасына айналды. Мұндай бастамалар табиғатқа ұқыпты қарау туралы білімді таратуға ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму қағидаттарын қолдай отырып және жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу арқылы экологиялық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.
Eco-hour
