ЕИТИ
ЕКІБАСТҰЗДЫҢ ЖАС ПІКІРСАЙЫСШЛАРЫ! - Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

ЕКІБАСТҰЗДЫҢ ЖАС ПІКІРСАЙЫСШЛАРЫ!


«JasREPUBLIC CUP» облыстық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті!
Облыс мектептерінің ең үздік жас шешендері мен ойшылдары бас қосқан бұл турнир пікірталас мәдениетін дамытып, жас буынның азаматтық көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
Турнирдің басты мақсаты – оқушылардың сыни және креативті ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, дәлелмен сөйлеуге үйрету, сондай-ақ көшбасшылық пен командалық жұмыс дағдыларын нығайту.
Пікірсайыс – тек жарыс емес, бұл болашақ белсенді азаматтарды тәрбиелейтін, жауапкершілік пен парасаттылыққа баулитын ерекше мектеп.
Биылғы «JasREPUBLIC CUP» облыстық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтіп, онда өңірдің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары өз білімдері мен шешендік қабілеттерін сынға салды.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021