ЕИТИ
Конкурс на замещение должностей профессорско-преподавательского состава 09.08.2023 - Хабарландыру

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 54А ғимаратта орналасқан «Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты» мекемесі профессорлық-оқытушылық құрамның лауазымдарына конкурс жариялайды:

 

 Кафедра «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»

1.Доцент – 3 бірлік.

2.Аға оқытушы – 1 бірлік.

3.Профессор- 1 бірлік.

 

Кафедра «Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер»

            1.Аға оқытушы  - 2 бірлік.

            2. Доцент – 2 бірлік.

 

Кафедра «Бизнес және басқару»

  1. Профессор  - 2 бірлік.
  2. Аға оқытушы  - 3 бірлік.

 

Кафедра «Металлургия және жаратылыстану-ғылыми пәндер»

            1.Доцент – 3 бірлік.

            2.Аға оқытушы  - 1 бірлік.

 

Кафедра «Энергетика»

            1.Аға оқытушы – 5 бірлік.

            2.Доцент - 3 бірлік.

            3.Профессор - 1 бірлік.

 

Кафедра «Тау-кен ісі»

            1.Аға оқытушы – 2 бірлік.

            2.Доцент - 3 бірлік.

            3.Профессор - 2 бірлік.

            4.Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік.

 

Кафедра «Құрылыс»

            1.Аға оқытушы – 3 бірлік.

            2.Доцент - 1 бірлік.

            3.Профессор - 1 бірлік.

 

Кафедра «Көлік»

            1.Аға оқытушы – 5 бірлік.

            2.Доцент - 2бірлік.

           

Профессор-оқытушы құрамы лауазымдарының біліктілігіне қойылатын талаптар:

Қауымдастырылған профессор (доцент) – жоғары білім, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесінің немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесінің немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор"дәрежесінің болуы. Ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Аға оқытушыжоғары білім, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша және/немесе магистрдің ғылыми-педагогикалық дәрежесінің болуы.

 Кафедра меңгерушісі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, педагогикалық қызметкерлер немесе басшы құрам лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Профессор жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жоғары білім, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесінің немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесінің немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор"дәрежесінің болуы. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Өтініш беру мерзімі: осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей.

Құжаттар қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 23 тамыз 2023 ж., сағ. 17:00 (қоса алғанда).

Ақпарат алу мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 54А ғимарат, 20 каб. Телефон: 8(7187)76-12-86  (8.00-ден 17.00-ге дейін), е-mail: eitiekb@eiti.edu.kz

 

Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Кадрларды  есепке алу бойынша жеке парағы;
  • Өмірбаян;
  • Жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломның, ғылыми және академиялық дәрежесі және(немесе) ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;
  • Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы соңғы бес жыл бойынша сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
  • Ғылыми  енбектері және өнертабыстарының тізімі(бар болған жағдайда);
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандағы медициналық анықтама немесе жеке медициналық кітапша;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Институттың қызметкерлері келесі құжаттарды тапсырады:

  • өтініш;
  • кафедраның ұсынысы (кафедра мәжілісінің хаттамасы).

Конкурсқа қатысушы өтінішін қосымша құжаттарымен бірге конкурсқа қатысу үшін электронды түрде аталған хабарландыруда көрсетілген Институттың электронды мекен жайына жібере алады. Форс-мажорлық жағдайларды есептемегенде, үміткер құжаттардың түпнұсқаларын конкурстық комиссияның отырысы күнінде ұсынады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) және біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

 

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021