"Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер" кафедрасында ғылыми- зерттеу жұмысы институттың ғылыми зерттеулер жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми ізденіспен, қолда бар және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғатта және қоғамда көрінетін заңдылықтарды анықтау, ғылыми жалпылау, жобалардың ғылыми негіздемесі мақсатында зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты.

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізу
- Теміржол дөңгелектерін термиялық өңдеу процесін басқарудың автоматтандырылған жүйесін бағдарламаланатын логикалық контроллер негізінде әзірлеу
- Жасанды интеллект қолданылатын математика бойынша оқытушы мобильді қосымшаны әзірлеу
- Екібастұз-2 – Екібастұз Солтүстік аралығындағы сандық кодтық автоблокировка құрылғыларын модернизациялау
- Туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша деректерді жедел өңдеу үшін OLAP құралдарын қолдану
- Бургерлерді сатуға арналған веб-сайтты жобалау және іске асыру: Figma-дағы прототиптен Angular негізіндегі интерактивті платформаға дейін
- Теміржол көлігі үшін электромагниттік жастықшаны әзірлеу және зерттеу
- "Қазандық агрегатының су құбыры трактісін диагностикалаудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу";
- "Станцияда Ebilock-950 микропроцессорлық орталықтандыруды енгізу";
- "Қазандық газдарын тазартудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу";
- "Горэлектросеть" ЖШС мысалында Health management технологиясын іске асыратын бағдарламалық қамтамасыз ету";
- "MerAman"мейрамханасына арналған ChatFood АЖ;
- "ПТС талдауы" бағдарламалық қамтамасыз ету;
- "Қазақстанның қазіргі тарихы " пәні бойынша хаттамаларды қалыптастыруды іске асыратын "АК хатшысы" АЖ модулі;
Ғылыми-зерттеу жобалары
- Мемлекеттік аттестациялық комиссия, Мемлекеттік емтихан комиссиясы хатшысы үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйені әзірлеу. Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты колледжі (ЕКИТИ). Қыдырбаева А.Б., Джузбаева Б.Г., Кожамжарова М.К., Старков Ю.В. (БИС-41), Репихов Н.А. (БАУ-41), 2025 ж.
- Қазандық барабанындағы деңгейді белгіленген шектерде ұстау үшін БКЗ-160-100Ф қазандығының барабанына су беруді автоматты реттеу. Жаназаров М.Ю., Жалмагамбетова Д.К., Быстрова С.В., Альбеков Д.Б. (БАУ-41), 2024 ж.
- Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жинау, есепке алу және беруді автоматтандыруға арналған бағдарламалық өнімді әзірлеу. Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты колледжі (ЕКИТИ). Кыдырбаева А.Б., Акишев Т.Б., Зозуля Е.С., Бейсембаев Р.Б. (БИС-41), Макаров А.М. (БАУ-31), 2023 ж.
Авторлық куәліктер
- Авторлық куәлігі №53810, 23 қаңтар 2025 ж. Нысанның атауы: «Автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйелері». Авторлар: Кыдырбаева А.Б., Жалмагамбетова Д.К., Быстрова С.В.
- Авторлық куәлігі №53952, 28 қаңтар 2025 ж. Нысанның атауы: «Виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологиялары». Авторлар: Зозуля Е.С., Ералимова Г.С., Новиков В.В. (БИС тобының студенті).
- Авторлық куәлігі №53970, 28 қаңтар 2025 ж. Нысанның атауы: «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика практикумы». Авторлар: Кыдырбаева А.Б., Акишев Т.Б., Асылова К.Б.
- Авторлық куәлігі №44226, 3 сәуір 2024 ж. Нысанның атауы: «Есептеу жүйелері мен желілер архитектурасы». Авторлар: Курманова Б.Т., Жалмагамбетова Д.К., Акишев Т.Б.
- Авторлық куәлігі №44300, 4 сәуір 2024 ж. Нысанның атауы: «Дискретті жүйелердің математикалық негіздері». Авторлар: Кыдырбаева А.Б., Быстрова С.В., Сейтканов С.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
Студенттердің ғылыми- зерттеу жұмысы білікті мамандарды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Кафедрадағы ғылыми- зерттеу жұмысын студенттер зерттеу элементтерін қамтитын рефераттық, ғылыми-зерттеу, зертханалық жұмыстар, курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар) түрінде, сондай-ақ өндірістік практика кезеңінде өндіріс мәселерін шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу сипатындағы нақты тапсырмаларды орындау кезінде орындайды. Ғылыми - зерттеу жұмысының нәтижелері ғылыми журналдарда және конференция еңбектерінің жинақтарында жарияланады.
Студенттер жұмысының ғылыми нәтижелерінің ішінде кафедра төмендегілерді ерекше атап көрсетеді:
- Серикова А.К. (БИС-31к, жетекшісі – Кыдырбаева А.Б.) «Туберкулезбен сырқаттанушылықты интеллектуалды талдау үшін OLAP-модельін әзірлеу» тақырыбы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстар байқауына қатысқан, 2025 ж.
- Новиков В.В., Шамшкенов Т.А., Радайкин Д.А. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде өткен «Жастар цифрлық форумы YDF-2025» атты VI Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқан.
- Шамшкенов Тимур (БИС-21, жетекшісі – Кыдырбаева А.Б.), Радайкин Дмитрий (БИС-21, жетекшісі – Зозуля Е.С.), Абеков Темирлан (БИС-11с, жетекшісі – Кожамжарова М.К.) Павлодар қаласындағы ИНЕУ-де өткен информатика және бағдарламалау пәні бойынша олимпиадаға қатысқан, 2025 ж.
- Жұмат Атақозы (БИС-31к) «Жылу электр станцияларының автоматты реттеу жүйелерінің динамикалық параметрлерін автоматты реттеу» тақырыбы бойынша «Павлодарэнерго» АҚ ұйымдастырған Павлодар және Екібастұз жоғары және орта оқу орындарының студенттері арасындағы энергетика саласы бойынша студенттік жұмыстар байқауына қатысып, жеңімпаздық дипломына ие болған, 2024 ж.
- Еговцев А.В. (БАУ-31) «Ұнтақты көмір бу генераторының барабаны артындағы бу қысымы реттегішінің динамикалық параметрлерін реттеуді анықтау» тақырыбы бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстар байқауына қатысып, I дәрежелі дипломға ие болған, 2024 ж.
- Тайбупенов А.К., Жаксалыков А.К. (БИС-31) «Институттың қорытынды аттестациясының ақпараттық жүйесін модернизациялау» тақырыбы бойынша Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстар байқауына қатысқан, 2024 ж.

