ЕИТИ
Бізді табыңыз:
Кафедра туралы

      «Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер» кафедрасы ақпараттық технологиялар және өндірісті автоматтандыруға байланысты білім беру бағдарламалары бойынша институттың жетекші бөлімше болып табылады.

      Кафедра түлектері «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз станциясы» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «R.W.S. Wheelset» ЖШС сияқты облыстағы ірі қала құраушы кәсіпорындардың ақпараттық, қаржы-экономикалық бөлімдерінде және технологиялық процестерді автоматтандыру қызметтерінде еңбек етуде.

 

 

      Қазіргі уақытта кафедра бакалавриаттың келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырады:

  • 6В07132 – Автоматтандыру және басқару

  • 6В06110 – Ақпараттық жүйелер

     Кафедраның миссиясы – сапалы білімді, жинақталған тәжірибені, корпоративтік интеллекті, адамгершілік әлеуетті пайдалана отырып IT-мамандардын оқыту және осы саланың жаңа бағыттарын құрастырып, әрі қарай дамыту болып табылады. Кафедра білімге қол созып, табысқа ұмтылуды қолдайды. Миссияны жүзеге асыру- кәсіби білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Гүлденген қоғамда ойлаған жетістікке жетудің кепілі- білім.

       Бөлім қызметінің стратегиялық бағыттары:

  • ақпараттық жүйелер мен технологияларға қатысты салаларда Қазақстан Республикасында ғылыми-педагогикалық мектепті қалыптастыру;

  • білім беру қызметінің сапасының өсуі және кафедра мамандықтары бойынша білім беру қызметінің оң имиджін құру;

  • тұтынушылар арасында институттың білім беру қызметтері мен бәсекелестер арасындағы айырмашылық туралы түсінік қалыптастыру және оның аймақтың білім беру нарығындағы үлесін барынша арттыру.

  • жоғары кәсіби мамандарды даярлаудың тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру және ұйымдастыру, автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және бакалаврларды оқыту үдерісінде білім беру саласындағы білімдерді тарату және қолдану.

 

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021