ЕИТИ
Асылбек Қожахметов PRME-мен тамаша ынтымақтастығы үшін марапатталды - Жаңалықтар

2023 жылы 12 маусымда Нью-Йоркте PRME кеңесінің отырысы өтті. Ал келесі күндері PRME 2023 жаһандық форумы шымылдығын ашты.

Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) негізін қалаушы және президенті Асылбек Қожахметов соңғы үш жылда PRME кеңесінің мүшесі болды. 12 маусымда Асылбек Базарбайұлы Кеңестің соңғы отырысына қатысып, жаңа мүшелермен танысты. Үш жыл бойы атқарған ерен еңбегі үшін марапатталып, ду қошеметке бөленді.

PRME кеңесінің мүшелері әлемнің түкпір-түкпірінен PRME көмегімен жауапты менеджмент білімін ілгерілету үшін келеді. Аталмыш кеңесте жарқын болашаққа ұмтылуға көмектесетін білім, тәжірибе және көзқарас әралуандылығы құпталады.

2022 жылдан бері AlmaU-дың студенті Навруз Еркаев PRME Global Students-тің Еуразия аймағы бойынша өкілі. Ал  менеджмент мектебінің оқытушысы Aurora Diaz Soloaga тұрақты даму құндылықтарына кәміл сенетін, инновация мен оқытуға жаны құмар әлемнің түкпір-түкпірінен келген профессорлардың PRME (i5) (ExPeG) сараптамалық педагогикалық тобының мүшесі.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021