ЕИТИ
ПАВЛОДАРДА СОЛТҮСТІК ӨҢІР СТУДЕНТТЕРІНІҢ I ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТТІ - Жаңалықтар

      Осы шара аясында «Шамшырақ» көшбасшылық академиясының тұсаукесері болды. Іс-шараны Марғұлан университеті мен Павлодар облысындағы Қазақстан студенттерінің альянсы бірлесіп ұйымдастырды. Оған ЖОО студенттік ұйымдардың 100-ден астам белсенділері жиналды. Атап айтсақ Астана, Қостанай, Көкшетау, Семей, Қарағанды және Павлодар қалаларының студенттік омбудсмендері болды.
    Солтүстік өңір студенттерінің форумы Марғұлан университетінің тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Серік Ильясовтың құттықтау сөзімен ашылды.
      Форум барысында Қазақстан студенттері альянсының атқарушы директоры – студенттік омбудсмен Аружан Қуандыққызы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, «Жасыл ел» облыстық штабының жетекшісі Русана Сәмекова, Павлодар облысы Студенттер альянсының төрағасы Дәурен Шәріповтер сөз сөйлеп, студенттердің құқықтарын қорғау, сапалы білім алу, студенттердің өзін-өзі дамытуы мүмкіндіктері, экологиялық белсенділік мәселелеріне тоқталды.
    Құрылтай барысында құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге жастардың дамуына кедергі болып отырған қоғамның өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Мұратбек Қасымов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын таныстырды.
     Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ирина Темірғалиева жастар үшін синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен зардаптары туралы ақпарат беріп, профилактикалық жұмыстарға тоқталды.
   Құрылтай барысында Марғұлан университетінің «Шамшырақ» көшбасшылық академиясының тұсаукесері өтті. Студенттік парламентінің белсенділері ұйым қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Академияның мақсаты – студенттердің көшбасшылық әлеуетін дамыту және оларды қоғамдық жұмыстарға тарту. Бұл жан-жақты тұлға тұжырымдамасын жүзеге асыру, кәсіби біліктілікті арттыру, қажетті арнайы білім және т.б.

 

 

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021