ЕИТИ
Мемлекеттік білім беру гранттары - Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

 

Бүгін Жоғары білімнің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарының тізімі жарияланды. Биыл ЖОО-да оқу үшін 112 мың грант бөлінді. Гранттардың ең көп санын "Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары" білім беру бағдарламаларының топтары алды, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Бұдан әрі "Педагогикалық Ғылымдар" – 13 735 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" – 10 903 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 8 288 грант.

 

Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. 150 сараланған грант бойынша "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат"МБҚ бойынша бөлінді.

 

Сондай-ақ, "Серпін" бағдарламасы бойынша түсушілер үшін 3 903 грант бөлінді. Айта кету керек, "Серпін" жобасын оқытудың 4 бағыты бойынша білім алуға болады: педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы. Бағдарламаға еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген ауыл жастары қатысады. Бұрын грантты өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарды, ал жұмыс орны 11 аймаққа дейін кеңейтілді.

 

Гранттар тізімінде халық тығыз қоныстанған, жаңадан құрылған және батыс өңірлерден келген жастарды, оның ішінде Атырау және Маңғыстау облыстарының талапкерлерін оқыту үшін 5 000 нысаналы білім беру гранттары бар. Бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында барлығы 79 мыңға жуық грант бөлінді.

 

Магистратураға түсу үшін 13 мыңға жуық грант, докторантураға түсу үшін 1 900 – ден астам грант бөлінді.

 

2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі ҚР ХӘҚМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында келесі сілтемелер бойынша орналастырылған:

Бакалавриат https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6920

Магистратура https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6921

Докторантура https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6922

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021