
2026 жылғы 13 сәуірде Павлодар қаласындағы Торайгыров Университет базасында «Әйелдің білімі - болашақ ғылымның негізі» атты ғылыми-сараптамалық конференция өтті. Іс-шара партия AMANAT партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының «Ғылым Talks» өңірлік кейс-платформасы аясында, «Ғылымдағы әйелдер» бағыты бойынша ұйымдастырылды.
Конференция жұмысына «AMANAT» партиясының хатшысы Каринова Шолпан Танатовна, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы «Ғылымдағы әйелдер» бағытының тең төрағасы Ким Вера Александровна қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – әйелдердің ғылыми әлеуетін біріктіру, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау арқылы тұрақты ғылыми қауымдастық қалыптастыру. Конференция барысында қатысушылар ғылымның цифрлануы жағдайындағы өзекті сын-қатерлерді талқылап, тәжірибеге бағытталған шешімдер ұсынды.
Институт атынан спикер ретінде PhD докторы, «Металлургия және жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының доценті Нурмаганбетова Бакыт Назарбековна «Женщины в инженерии: мой путь» тақырыбында баяндама жасап, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, инженерия саласындағы әйелдердің рөлін атап өтті.
Осындай іс-шаралар отандық ғылымды дамытуда әйелдердің үлесін арттыруға және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
