ЕИТИ
"Үздік студент-22" - Жаңалықтар

    Ғылым мен білімді қолдау мақсатында үздік инновациялық идеяларды анықтау үшін "Бөбек "Жалпыұлттық қозғалысы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі " Қазақстан ғалымдарының Конгресімен "бірлесіп, 2022 жылғы 10 ақпанда Нұр-сұлтан қаласында өткен" Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім беру: ХХІ ғасырдың сын-қатерлері " Х Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Бұл жобаға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Украина Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Түркия Республикасы, Молдова Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Словения Республикасы және Білім және ғылым саласындағы мамандар қатысты.
   Ғылыми конференцияның басты мақсаты ғылымда, білім беруде және өндірісте инновациялық технологияларды қолданудың жаңа ғылыми және практикалық нәтижелерін талқылау; идеяларымен алмасу, зерттеулердің бірлескен бағыттарын іздестіру, оқу, ғылыми және өндірістік ұйымдардың ынтымақтастығын нығайту; жаңа байланыстар орнату және жастарды ғылыми ізденіске тарту болды. Ғылыми конференцияның негізгі міндеті мамандардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруы және олардың өңірлік және жаһандық сипаттағы өзекті мәселелерді шешуге қатысуы үшін кеңістікті құруы. Аталған конференцияға ак. Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының 3 курс студенті Рахматуллаев Ислам Хакимович "Қазақ тілі" пәнінен "Абай және қазіргі әлемдегі көптілділік"ғылыми жобасымен қатысты, ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты,доцент Байғожина Ақмарал Егеубайқызы.
    Ислам І дәрежелі Дипломды жеңіп алып, "Үздік студент-22"атағына ие болды. Исламды жоғары марапатпен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021