
2026 жылғы 14 мамырда Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы қалалық филиалы депутаттық фракциясының жетекшісі М. Маликова академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты мен Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті бірлесіп ұйымдастырған «Білім сапасын арттыру, ғылым мен өндірістегі заманауи инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференция білім беру жүйесін дамыту, ғылымды жетілдіру және өндіріс саласына заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналып, ғылыми қауымдастық өкілдерін, оқытушыларды, студенттер мен сарапшыларды бір арнаға тоғыстырды.
Ізгі дәстүрге сай М. Маликова ЕИТИ ректоры, қалалық мәслихат депутаты Д. Сиваракшамен бірге көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне және институттың негізін қалаушы М. Марденовке арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, олардың отандық ғылым мен білімнің дамуына қосқан зор үлесіне құрмет көрсетті.
Конференция аясында студенттерге арналған заманауи коворкинг-орталықтың ашылуы өтті. Жаңа орталық жастардың білім алуына, еркін пікір алмасуына, тың идеяларды жүзеге асыруына
