ЕИТИ
Жоғары оқу орындарында корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі шаралар - Жаңалықтар

     «Адами капиталдың дамуы - ел экономикасы өсуінің негізі» жоғары білім және ғылым форумы аясында «Жоғары оқу орындарында корпоративтік басқаруды жетілдіру» тақырыбында панельдік сессия өтті. Модератор - Назарбаев университетінің Жоғары білім мектебінің деканы Аида Сағынтаева.
     Диалог алаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Жәмиля Нұрманбетова, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ Басқарма төрағасының стратегия жөніндегі орынбасары Айнұр Карбозова, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің директорлар кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің корпоративтік хатшысы Антонина Қыздарбекова сынды сарапшылар сөз сөйледі.
    Сессия қатысушылары қазақстандық жоғары оқу орындарында корпоративтік басқарудың маңызды мәселелерін көтерді. Бұған заңнамалық базаны жетілдіру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын жақсарту, сондай-ақ корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында директорлар кеңесі жұмысының ашықтығын арттыру жатады.
     Мәселен, тараптардың көтерілген мәселелерді қызу талқылауы арқылы Қазақстанның жоғары оқу орындарында корпоративтік басқаруды жақсарту үшін жаңа тәсілдер мен идеялар анықталды.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021