ЕИТИ
Бізді табыңыз:
Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескертеді - Жаңалықтар

Алаяқтар цифрлық теңгеге жетті
Қазақстан Ұлттық Банкі цифрлық теңгені пайдалана отырып, инвестициялар туралы жалған ұсыныстарды таратуға байланысты алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескертеді. Қаскүнемдер әлеуметтік желілерде қысқа мерзім ішінде мемлекет пен Ұлттық Банк атынан жоғары табыстылық пен қолдауға кепілдік беретін "цифрлық теңгенің мемлекеттік инвестициялық жобасы" туралы жарнаманы белсенді түрде таратуда.

"Осындай хабарламаларды пайдалана отырып, зиянкестер пайдаланушыларды фишингтік сайттарға тартады, онда "шектеулі ұсыныс" немесе "соңғы мүмкіндік" деген сылтаумен азаматтарды жалған жобаға ақша салуға шақырады. Жалған платформаларда азаматтарды қайта инвестициялауға ынталандыру үшін "өсіп келе жатқан кірісті" көрсететін жеке кабинеттің көрінісі жасалады. Нәтижесінде қаскүнемдер азаматтардың ақшалай қаражатына алаяқтық жолмен қол жеткізеді",-делінген ҚР ҰБ баспасөз хабарламасында.
Ұлттық Банкте цифрлық теңге инвестициялық құрал болып табылмайтынын және пайда алуға арналмағанын еске салды.

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021