
"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ базасында 2026 жылғы 27-28 сәуірде Алматы қаласында "Металлургия" мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Біздің институттан 2 курс студенттері Близниченко Вероника, Мухамеджанова Адель қатысты. Қыздар, жасына қарамастан, жақсы нәтижелер көрсетті, естелік сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды . Конкурстық тапсырмаларды орындағаннан кейін университеттің зертханаларына экскурсия жүргізілді: минералдар мұражайы, су мен топырақты зерттеу зертханалары, материалдардың беріктігін анықтау. Әрі қарай Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту институтына барып, қымбат жабдықтағы материалдарды зерттеу туралы көптеген ақпаратты және олимпиадаға қатысушылардың қызығушылығын тудырған зерттеу жұмыстарын жүргізу принципін білді.
