Сапар барысында мемлекет басшылары келіссөздер жүргізді, оның барысында сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистика және энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аудара отырып, Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен нығайту перспективаларын сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңде ту қарастырылды. Нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.Германияның Федералдық президенті Қазақстан және Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Германия президенттері Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты.
Германия Президенті Қазақстан-Германия инженерлік институтының ашылуына, сондай-ақ «Свевинд» швед-неміс компаниясының жасыл сутегі өндіру зауытында сынақ бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсіміне қатысты.
Бұл шараға Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарымен қатар Ақ.Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты да қатысты.
ӨСАБ Фрайберг тау-кен академиясымен (Technische Universität Bergakademie Freiberg) техникалық университетімен ұзақ жылдар бойы ынтымақтасады, профессор Карстен Дребенштедт (Академияның бұрынғы ректоры) студенттерімізге жыл сайын онлайн дәріс оқиды, университетімізге бірнеше рет келді. , сонымен қатар институт оқытушылары
Фрайберг тау-кен академиясының конференцияларына бірнеше рет қатысты.
Президенттің айтуынша, Қазақстан ғылым мен технологияны дамытуға, қолдауға, сондай-ақ отандық жоғары оқу орындарының әлеуетін күшейту мәселелеріне баса мән береді.
– Мен Мемлекет басшысы ретінде бұл мәселеге айрықша мән беремін. Алдымызда ұзақ жол тұр. Дегенмен жолымыздағы барлық кедергіні сәтті еңсеретінімізге сенімдімін. Сондықтан біздің бұл бағыттағы міндеттеріміз айқын. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігіне анағұрлым белсенді болуды және бизнеске бағдарлануды тапсырдым. Мен жоғары технологияға басымдық беру қажет екенін үнемі айтып жүремін. Елімізде сапалы білім беретін университеттер жеткілікті. Алайда бізге сіздердің тәжірибелеріңіз керек. Германия көптеген елдің технологиялық дамуын ілгерілетуге септігін тигізетін технология саласындағы білім беру ісінде жетекші ел саналады, – деді Президент.