Республика күніне арналған баскетбол турнирі өтті - Жаңалықтар

2025 жылғы 28 қазанда Шідерті ауылында Республика күніне арналған баскетбол турнирі өтті. Сайыстарға төрт команда қатысты, ойындар айналмалы жүйе бойынша өткізілді. ЕИТИ-дің бірінші курс студенттерінен құралған команда финалға шығып, ауыл командасымен кездесіп, жеңіске жетті.
Турнирдің үздік ойыншысы болып БОП-11 тобының студенті Юрий Урбан танылды. Үздік қорғанушы атанған БМ-11 тобының студенті Артур Рандей болса, үздік шабуылшы болып БТМ-11К тобының студенті Алмас Әбілда белгіленді.
