ЕИТИ
Бізді табыңыз:
ЕИТИ студенті — джиу-джитсудан Орталық Азия Чемпионатының жүлдегері! - Жаңалықтар

1-3 мамыр аралығында Бішкек қаласында джиу-джитсудан (JJIF) Орталық Азия Чемпионаты өтті. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында ЕИТИ «Тау-кен ісі» кафедрасының 2-курс студенті Құнаев Исмаил Adult (ересектер) санатында 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль  иеленді.
JJIF аясындағы халықаралық турнир аймақтың ең мықты балуандарының басын қосып, Азия және әлем чемпионаттарына іріктеудің негізгі кезеңіне айналды.
Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ ректораты мен ұжымы Исмаилды халықаралық аренадағы жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтайды және жаңа спорттық әрі академиялық жеңістер тілейді!

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021