ЕИТИ
Бізді табыңыз:
Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді - Жаңалықтар

Күннің жылынуына байланысты тұрғындар су жағасында демалуды жиілетуде. Алайда ауа температурасы +25°C-қа дейін көтерілгенімен, су айдындарындағы су әлі де суық күйінде қалып отыр және адам өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда өзен-көлдердегі су температурасы +8…+10°C-тан аспайды. Мұндай жағдайда суға түсу қан тамырларының күрт түйілуіне, құрысуға және температуралық шокқа әкелуі мүмкін. Бұл — қайғылы жағдайларға себеп болатын негізгі қауіптердің бірі.
Екібастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді:
• Шомылу маусымы әлі ашылған жоқ;
• Мас күйде суға түсуге қатаң тыйым салынады;
• Балалар су маңында тек ересектердің қатаң бақылауында болуы тиіс.
Тіпті суға қысқа уақытқа түсу де өмірге қауіпті болуы мүмкін.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда: 112 нөміріне хабарласыңыз

 

Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ
2021