Жаңалықтар
Maxі cinema да “STANDUP COMEDY” шығармашылық кеші өтті.
12 ақпан күні, сағат 16:00-де Maximall сауда орталығында, Maxі cinema да “STANDUP COMEDY” шығармашылық кеші өтті.
Бұл кеште жастарға өте күшті көңіл-күй сыйлаған стендаперлерге үлкен алғыс білдіреміз және келген көрермендерге орасан зор ықылас пен рахмет айтамыз!!
Қатысушы резиденттер алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
ҮЗДІК СТЕНДАПЕР: Құрмаш Асхат @kurmasshevv_7187, 15000 тг
ҮЗДІК ӘЗІЛ: Шубаров Ма...
Ашу
13.02.2025
“Казақстан Республикасында құмар ойындарының түрлеріне тыйым салынады немесе тыйым салынбайды” тақырыбында “FUN DEBATE” пікірсайысы өткізілді.
Пікірсайыс - ақыл-ойдың алмасу аланы, шындық, пен дәлелдің таразысы. Бұл - білім мен тапқырлыктың, логика мен сенімділіктің бәйгесі, қай сөз мірдің оғындай дәл болса, сол жеңіс туғырынан көрінетін зияткерлік айтыс.
Осыған орай, “Казақстан Республикасында құмар ойындарының түрлеріне тыйым салынады немесе тыйым салынбайды” тақырыбында “FUN DEBATE” пікірсайысы өткізілді.
...
Ашу
12.02.2025
“Ekb acoustics” әдеби-сазды поэзия кеші
...
Ашу
10.02.2025
Мұқағали Мақатевтың 94 жылдығына орай ұйымдастырылған поэзия кеші өткізілді.
Поэзия - бұл адамның ішкі сезімін, ой-толғамын көркемдікпен, бейнелі тілмен жеткізетін әдеби шығармашылық түрі. Ол ырғақ пен ұйқасқа негізделіп, әсерлі образдар арқылы оқырманның жүрегіне жол табады.
Осыған орай, ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың 94 жылдығына орай ұйымдастырылған “Ekb acoustics” әдеби-сазды поэзия кеші өткізілді.
...
Ашу
10.02.2025
MINBERDE: PROFESSION expert platform
Спикер: @aizhan_gp
24.02.2025 / 15:00 / @oner.ekb , кіші зал
БІЗБЕН БІР ТОЛҚЫНДА БОЛ!
...
Ашу
06.02.2025
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ
Бүгін 24 мектеп ғимаратында Дүниежүзілік сайлау күніне орай Екібастұз қаласының жастар мәслихаты депутаттары және белсенді жастар қатысып, сайлау комиссия төрайымымен сұхбат алаңында өз пікірлерін білдірді. Аталмыш шарада Сайлау комиссиясының тарихы, жұмысы, алдыға жоспарлары талқыланды.
...
Ашу
05.02.2025
АУЫЛ CONNECTION: ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН спорттық сайыс
Ауыл жастарына арналған АУЫЛ CONNECTION: ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН спорттық сайыс
18.02.2025 / 10:00
+7 705 531 9680
...
Ашу
04.02.2025
80 ИГІ БАСТАМА
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жылына орай қаламызда тұратын тыл ардагері Приходько Татьяна Алексеевна тұрғын үйіне Екібастұз қаласындағы медициналық колледжі студентері құрылған волонтерлер жасағы қардан тазалау жұмысын ұйымдастырды. Соғыс уақытысында өзінің жастық шағын ел мүдесі, жер мүдесі үшін тылға арнап, еңбек еткен кеу ана өзінің ақ батасын беріп, тілегін жеткізді.
...
Ашу
03.02.2025
Құрметті Екібастұз жастары баршаларыңызды “FUN DEBATE: ҚР-да құмар ойындарының түрлеріне тыйым салынады / тыйым салынбайды” тақырыбында өтетін пікірсайыс алаңына шақырамыз!
Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын
Құрметті Екібастұз жастары баршаларыңызды “FUN DEBATE: ҚР-да құмар ойындарының түрлеріне тыйым салынады / тыйым салынбайды” тақырыбында өтетін пікірсайыс алаңына шақырамыз!
Тартысқа түсетін спикерлер: Бахтыбаева Аружан және Кабдиров Дияр
ӨЗ СПИКЕРІҢЕ ДАУЫС БЕР! ✅
Өтетін күні: 11.02.2025
Өтетін орны: “Самғау” БШО @samgau_ekibastuz
✅ +7 771 376 5067
...
Ашу
03.02.2025
Волонтерлер арасында өтетін TEAM BUILDING-қа шақырамыз!
КОМАНДАЛЫҚ ОЙЫНДАР • ЖАҢА ТАНЫСТЫҚ • ЖАРҚЫН АТМОСФЕРАны сезінгіңіз келсе,
13 ақпан күні волонтерлер арасында өтетін TEAM BUILDING-қа шақырамыз!
Бізбен бір толқында бол!
...
Ашу
01.02.2025
“FUN DEBATE: ҚР-да құмар ойындарының түрлеріне тыйым салынады / тыйым салынбайды” тақырыбында өтетін пікірсайыс алаңына шақырамыз!
Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын
Құрметті Екібастұз жастары баршаларыңызды “FUN DEBATE: ҚР-да құмар ойындарының түрлеріне тыйым салынады / тыйым салынбайды” тақырыбында өтетін пікірсайыс алаңына шақырамыз!
Тартысқа түсетін спикерлер: Бахтыбаева Аружан және Кабдиров Дияр
ӨЗ СПИКЕРІҢЕ ДАУЫС БЕР!
Өтетін күні: 11.02.2025
Өтетін орны: “Самғау” БШО @samgau_ekibastuz
✅ +7 771 376 5067
...
Ашу
01.02.2025
Институт қабырғасында жастар ортасында қылмыстың, сондай-ақ жастар жасаған басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Екібастұз қаласының прокуроры Н.С.Масабекпен кездесу ұйымдастырылды
Институт қабырғасында жастар ортасында қылмыстың, сондай-ақ жастар жасаған басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Екібастұз қаласының прокуроры Н.С. Масабекпен кездесу ұйымдастырылып, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі мәселелері көтерілді. Ол студенттерге экстремизм ұғымын, оның қаншалықты қауіпті екенін, қазіргі қоғамда қалай көрінетінін және осы қауіпті құбылысқа қалай қарсы тұру керектігін түсіндірді. Рұқсат етілмеген митингілерге және олардың қатысуын...
Ашу
31.01.2025
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында "АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ АДАМНЫҢ БЕЙНЕСІ" дөңгелек үстелі өткізілді
28 қаңтарда академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында «АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ АДАМНЫҢ БЕЙНЕСІ» дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелге біздің студенттермен Екібастұз қаласының бес колледженің студенттердеріде қатысты. Дөңгелек үстелдің қонағы 20 жылға жуық уақытын теміржол саласына арнаған депо бастығының орынбасары (өндіріс бойынша) Сарыбай Болат Шакірұлы болды. Болат Шакірұлы өзінің еңбек жолындағы қиында, қызықты сәттерімен бөлісіп, жастарға жұм...
Ашу
31.01.2025
Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 80 жыл және Жұмысшы мамандықтар жылын насихаттау аясында науқан өткізілді
ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ
Жастар бастамаларын дамыту орталығы бастамасымен, Екібастұз политехникалық колледжі студенттері, волонтерлер қатысуымен еңбек ардагері Жакупов Тәжен ағамыздың қыс айларында қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталмыш науқан Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 80 жыл және Жұмысшы мамандықтар жылын насихаттау аясында өткізілді.
...
Ашу
31.01.2025
"ТӘТТІ ШОКОЛАД” тренді
Жастар орталығы ұйымдастырған “Адал еңбек-адал адамның бейнесі” дөңгелек үстеліне арнайы қонақ Сарыбай Болат қатысуымен тренд түсіріп, жастар еңбек адамына өз алғыстарын білдірді.
...
Ашу
29.01.2025
Қала жастарының бастамасымен волейболдан қайырымдылық турнирі өткізілді
26 қаңтар күні қала жастарының бастамасымен волейболдан қайырымдылық турнирі өткізілді.
Турнир 47 жастағы Мұсабекова Роза Ерғалиқызының (екі бүйрегі істен шыққан) еміне жиналып, барлық қаржыны туыстары жиыстырып, қала жастарының турниріне кубок, грамота сияқты заттарды өз қаржыларына ұсынды.
Жастар орталығы өз кезегінде қаламыздағы 11 білім беру мектебінде өткізілуіне, әлеуметтік желіде ақпараттандырлуына қолдау білдіріп, жастардың қайрымдылық бастамасына болысуға тырысты.
Турнирге 9 кома...
Ашу
28.01.2025
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ
Павлодар облысында ең алғаш құрылған Екібастұз қаласының жастар мәслихаты депутаттарының қатысуымен сессия отырысы өткізілді. Сессия отырысына Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Рауан Қайыпханұлы, қаланың белсенді, көшбасшы жастары, әлеуметтік жоба, клуб жетекшілері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар:
1. Екібастұз қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылу барысы; (2024 жылдың қортындысы, 2025 жылдың жоспары, жастар ұйымдарының жетістіктері...
Ашу
27.01.2025
ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ!
Жастардың ұсынысымен, бастамасымен жастар орталығы ғимаратына граффити сайысының жеңімпазы Сүйлеманов Амирдің туынды салу сәтінен естелік видео. Орталық ғимаратына келген жастар осындай туында арқылы “Есірткінің жақсылық емес жамандық әкелетінін түсінсе” - дейді граффити-суретінің иегері.
...
Ашу
27.01.2025
KINOMAN жобасы және ВОЛОНТЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
2025 жылдың 24 қаңтар күні жастар орталығының волонтерлерімен кездесу өткізіліп, дисконттық карта табысталып, әрі қарай Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аясында 2021 жылы жарық көрген “Лётчик” кино туындысы тамашаланды. Кино соңында волонтер жастар талқылау жұмысын өткізіп, кинодан алған әсерлерін ортаға салды.
...
Ашу
27.01.2025
КВН ОДАҒЫ ЖӘНЕ ІРІ КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАСТАР КОМИТЕТІНІҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ
Жастар орталығының директоры Құсан Еркін Аманкелдіұлы, “Богатырь Комир” кәсіпорынның жастар ұйымы өкілі және КВН одағы өкілдері қатысуымен жиын өткізіліп, 2025 жылға жоспарланған жоспар бойынша КВН ойындарының өткізілу сапасы, барысы туралы талқылау өткізілді. Талқылау барысында жастардың “КВН” қозғалысына қызығушылықтарының жыл сайын азаюы туралы сөз қозғалып, мәселені шешу үшін арнайы шаралар, іс-әрекеттер жасау туралы уағдаластық жасалды.
...
Ашу
27.01.2025
“FATIH CUP IV” кіші футбол турнирі
ЖАСТАР ҰСЫНЫСЫ: "FATIH CUP IV" кіші футбол турнирі
Қала жастарының ұсынысымен “FATIH CUP IV” турнирі өз жалғасын биылда табуда. Екінші жыл қатарынан жастар орталығы ұйымдастырушы қатарына қосылып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосуда. Турнир қортындысын @lfc.fatih арқылы танысуыңызға болады.
Қызықты матч арнайы youtube каналы арқылы тікелей эфирде және коментатор қатысуымен өткізілді.
...
Ашу
27.01.2025
“Адал еңбек - адал адамның бейнесі” тақырыбында дөңгелек үстел өтетін болады.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялаған болатын.
Осыған орай, 28 қаңтар, сағат 15:00де, @eiti_ekb мекемесінде “Адал еңбек - адал адамның бейнесі” тақырыбында дөңгелек үстел өтетін болады. Кездесуге арнайы шақырылған қонақ: Депо басшысының орынбасары Сарыбай Болат.
Барлықтарыңызды қатысуға шақырамыз!
...
Ашу
27.01.2025
“Жаңында жүр жақсы адам” қайырымдылық науқаны өткізілді
ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
24 қаңтар күні Екібастұз политехникалық колледжінің студенттік комитет бастамасымен “Жаңында жүр жақсы адам” қайырымдылық науқаны өткізілді.
Науқан жұмысшы жастар жылына орай ұйымдастырылып, ауа райының суықтығына қарамастан жұмыс істеп, адал еңбек етіп жүрген жұмыскерлерге ыстық шәй мен бауырсақ таратылды. Сонымен бірге қоғамдық көлік күтіп тұрған тұрғындарда қамтылып, орталық мешітке тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар үшін 100 нан арнайы сөреге қойылды.
...
Ашу
27.01.2025
“Ертіс жастары” жас мамандарды жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінішті қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!
“Ертіс жастары” жас мамандарды жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінішті қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Өтініштерді қабылдау “Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ, Энергетиктер к., 62, 319 кабинетте жүзеге асырылады.
Өтініш беру мерзімі 2025 жылғы 27 қаңтардан 5 ақпанға дейін сағ. 09.00 - ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағ.13.00-ден 14.30-ға дейін).
Анықтам...
Ашу
27.01.2025
“Дін және дәстүр” тақырыбындағы келесі кездесу "Өнер" ҚМС үлкен залында жалғасты
Бір жарым сағатқа созылған кездесуге 800-ге жуық тұрғындар мен жастар жиналды. Шара барысында тыңдаушылар дін жөнінде сұрақтар қоиып, тұшымды жауаптар алды. “Ырыскелді қажы” мешітінің бас имамы, теолог, дінтанушы және психолог Нұрлан Баижігітұлы қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі дін мен дәстүр жаилы ои қозғап, ұлттық нақыштың маңыздылығын атап өтті.
...
Ашу
23.01.2025
МАХАББАТ МЕЙРАМЫ
Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай Орталық кітапхана, қалалық жастар орталығы ұйымдастырумен “Ілияс әлемі” талқылау алаңының бірінші отырысы өткізілді. Талқылау алаңына “Махаббат мейрамы” шығармасы арқау болып, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жастар жауап іздеп көрген болатын. Аталмыш алаң жастардың кітап оқуға құштарлығын арттырып, оқып жүрген жастарға ой толғатуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
...
Ашу
23.01.2025
Екібастұз қаласы әкімдігі және кәсіпкерлік бөлімі қолдауымен жастар орталығының ерікті жастары жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырып, тарату жұмысына қатысты
ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖОЛАУШЫ!
Күні кеше ауа-райының күрт бұзылып, көлік қатынасының тоқтауына байланысты Шідерті кентіне жақын аймақта 200-ден астам көлік жиналып, жолдың ашылуын күткен болатын. Екібастұз қаласы әкімдігі @ekibastuz_akimdigi және кәсіпкерлік бөлімі @ekb_kasipkerlik_bolimi қолдауымен жастар орталығының ерікті жастары 300-ден астам адамға ыстық тамақ ұйымдастырып, тарату жұмысына қатысты.
Одан бөлек қаламыздағы өзгеде төрт волонтерлер ұйымдары аталмыш жақсылық іс...
Ашу
22.01.2025
Құрметті қала жастары! Жастар орталығында өткізілетін “EKB ACOUSTIC” поэзия кешіне шақырамыз.
Тіркелу 24 қаңтарға дейін жалғасады.
Біз сіздерді күтеміз!!!
...
Ашу
22.01.2025
“Skills Jastar” мамандықтар көрмесі аясында жастарды қыш өнердің қыр-сырымен таныстырдық.
Бұл шеберлік сағаты шығармашылық пен шыдамдылықты талап етеді және болашақ мамандықтарды таңдауда ерекше шабыт береді.
Іс-тәжірбиесімен бөліскен Латыпова Расиля Джаудатовна алғыс білдіреміз.
...
Ашу
20.01.2025
ИНКЛЮЗИВТІ КУРС
Мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған компьютерлік сауаттылық курсы өткізіліп, жастарға комьютерлік сауаттылық бойынша ақпараттар түсіндіріліп, заманауи технологияларға негізделген бағдарламалармен жұмыс жасау көрсетілді. Курс барысында жастарға сертификат табысталып, тренер болған Ауелбаева Назым Онгарбаевна алғыс хат беріліп, арнайы сыйлық табысталды.
Курс желтоқсан айында жоспарланған болатын.
...
Ашу
17.01.2025